Институт маркетинговых и социологических исследований Elim
Маркетинговая компания в Астане и Алматы +7 (701) 711-71-11

Қазақстанда тауарларды тиімді жарнамалау

Версия этой статьи на русском языке.

«ИМСИ» мамандары «Қазақстанда тауарларды тиімді жарнамалау» атты әлеуметтік зерттеу жүргізді, зерттеу барысында бүкіл Қазақстан бойынша 310 респондент сауалнамаға қатысты. Шағын зерттеудің мақсаты - негізгі тұтынушыға жарнамалардың қандай санаттары мен брендтерді қабылдау және есте сақтау тұрғысынан тиімді екенін анықтау. Респонденттерге бір сұрақ қойылды: «Сіздің жақын арада қандай тауар жарнамасын көргеніңіз есіңізде ме?». Әлеуметтік сауалнама телефон арқылы жүргізілді. Респонденттер қалалар мен гендер бойынша кездейсоқ түрде іріктелді.

1. Қазақстан қалалары бойынша әлеуметтік зерттеу іріктемесі

Қазақстан қалалары бойынша әлеуметтік зерттеу іріктемесі

2. Әлеуметтік зерттеудің гендерлік бөлінуі

Әлеуметтік зерттеудің гендерлік бөлінуі

Зерттеу нәтижелері

Қазақстанда тауарларды тиімді жарнамалау атты тақырыпта жүргізілген зерттеудің нәтижесі бойынша ең танымал 4-тік санатқа кіргендер:

  • Азық-түлік жарнамасы – 34%;
  • Киім-кешек жарнамасы – 8%;
  • Техника жарнамасы – 7%;
  • Жеке гигиена тауарлар жарнамасы – 6%.

Респондентпен интервьюер арасындағы сұхбат барысында, көп жағдайда ақпарат визуальды канал арқылы қабылданатыны анықталды.
Қалған санаттар төмендегі диаграммадан көрініс табады.

3. Жалпы зерттеу нәти жесі

Жалпы зерттеу нәти жесі

Респонденттердің 37% -ы азық-түлік жарнамасы санаттарының  ішінде екі, үш тауар түрін немесе брендті атады.Пайыздық үлестегі ең көп таралған жарнама - бұл сүт өнімдерінің жарнамасы - 16%. Көп жағдайда респонденттер брендті нақтыламайды.
Тұтынушының жарнаманы қабылдаудаудағы тиімділігі бойынша көшбасшысы - әлемге әйгілі Coca-Cola бренді, респонденттердің 6% сусын жарнамасын атап өтті. Бұл бренд Interbrand халықаралық зерттеу агенттігінің 2005-2015 жылдар аралығындағы рейтингінде әлемдегі ең қымбат бренд деп танылды. Агенттіктің хабарлауынша, планета тұрғындарының 94% кем дегенде бір рет «Coca-Cola» туралы естіген. Көбінесе, сусын жиындар мен достық бас қосу шаралары стилінде жарнамаланады, яғни Coca-Cola-сыз бірде-бір мереке өтілмейді.
Екінші орында, респонденттердің 5%  атап өткендей, сауда маркасы Альбени, түрік өнімі Ulker шоколады. Альбени жарнамасының ерекшелігі ол – үш қазақстандықтың орындауындағы А капелла.
Ең ірі өндіруші компаниялар қатарынан «Фуд мастер» сүт өнімдерінінің азық-түлікке қатысты  жарнамасы брендтер рейтингінің үшінші орынын иеленді (4%). Сүт өнімдері жарнамасының ерекшелігі ол – өнімге консерванттар қоспай табиғи таза өнім болғандығында.
Респонденттер одан басқа брендтердің арасында «Lay's» қытырлағын - 4%, сүт өнімдерінен «Президент» - 4%, табиғи шырын «Да-Да», 3%-дан «Snickers» және «Twix» шоколад тауар түрлерін  атап өтті.

4. "Азық-түлік" санатының нәтижесі

Азық-түлік санатының нәтижесі

Қазақстандық нарықта қоғамдық тамақтанудың көптеген танымал брендтерді ұсынылған, олар өздеріне түсетін пайданың көп бөлігін жарнамалауға жұмсайды. Айта кетерлік жайт, барлық брендтердің жарнамасы түпкі тұтынушыға жетуі үшін тиімді емес. Мысалға, респонденттердің 50% үшін, ең есте сақталған жарнамалардың ішінде қоғамдық тамақтану саласынан нақты брендті көрсете алмауы. Қазақстандағы жарнамалық ақпараттың түпкі тұтынушыларға жетуі бойынша, ең тиімдісі: KFC - 34%, ал Макдональдс және Бургер Кинг үлесі 8%-дан.
Қазақстанда үш ұялы байланыс операторы жұмыс істейді. 2017 жылдың I тоқсаны бойынша операторлардың ішінде ең үлкен аудиторлық абоненттерге иелері:

  • Kcell, Activ – 9.98 млн. абоненттер;
  • Beeline – 9.31 млн. абоненттер;
  • Tele 2, Altel 4G-GSM – 6.51 млн. абоненттер.

Алайда, респонденттердің 50% пікірінше, абоненттердің эфирлік тиімді жарнамалық рейтингіде Теле 2 бірінші орында. Beeline екінші орынды иеленіп отыр - 34%. Ал абоненттер саны бойынша алдыңғы қатарда тұрған ұялы байланыс операторының түпкі тұтынушыға жарнамасының жетуі соңғы қатарда, бұл көрсеткіш респонденттердің 8% қамтыды. Сонымен қатар, Теле 2 операторының құзіретіндегі Altel 4G сауда операторы 8% дауыс жинады.

5. Зерттеу нәтижесі келесі санаттар бойынша: "қоғамдық тамақтану" және "ұялы байланыс операторлары"

Зерттеу нәтижесі келесі санаттар бойынша: қоғамдық тамақтану және ұялы байланыс операторлары

«Elim» институты тапсырыс арқылы Қазақстан бойынша маркетингтік және әлеуметтік зерттеулер жүргізеді. Біздің техникалық мүмкіндіктер нарықтағы маркетингтің ең заманауи қызметтерін ұсынуға мүмкіндік береді.

Не пропустите новые статьи! Подпишитесь на информационную рассылку "ИМСИ Elim".